Конституциялық Сотта балалар шығармашылығы байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Конституцияның 30 жылдығына орай «Балалар шығармашылығындағы Конституция» атты республикалық байқаудың жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі Конституциялық Сотта өтті.

   Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 12 мен 15 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысты. Қатысушылар түрлі техникада жасалған 169 жұмыс ұсынды. Ең белсенді өңірлер қатарында Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе облыстары мен Астана қаласы болды. Байқау Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Конституциясының 30 жылдығына арналды. Оның мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, Ата Заңды насихаттау, азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне шығармашылық көзқарас қалыптастыру, Конституцияға деген құрметті нығайту.

   Байқауды Конституциялық Сот, Оқу-ағарту министрлігі және Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдігі бірлесе ұйымдастырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-astana/press/news/details/1056707?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді