Бірқатар оқу семинарлары климаттық бейімделу мәселелері бойынша Қазақстанда бастау алады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп, климаттық бейімделу мәселелері бойынша оқу семинарларының сериясын іске қосады.

Қатысуға мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғылыми және білім беру мекемелерінің қызметкерлері, климаттың өзгеруі саласындағы сарапшылар, сондай-ақ келесі салаларда жұмыс істейтін ұйымдардың мамандары шақырылады: ауыл шаруашылығы; су ресурстарын басқару; орман шаруашылығы; төтенше жағдайлар.

Топтық және интерактивті сессиялар аясында қатысушылар:

– Қазақстан Республикасының климаттық тәуекелдерді бағалау жөніндегі ұлттық әдістемесімен және оны бейімделу шараларын жоспарлау мен іске асыруда қолдану тәжірибесімен таныса алады;

– климаттың өзгеруіне тәуекелдерді айқындау мен осалдықты талдау бойынша практикалық дағдыларды меңгереді;

– жетекші салалық сарапшылармен тәжірибе алмасады.

Оқу семинарлары Қазақстан қалаларында өтеді.

Барлық мүдделі мамандар мен ұйымдарды іс-шараларға қатысып, Қазақстанның климаттың өзгеруіне төзімділігін арттыруға үлес қосуға шақырамыз. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1056708?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді