
Мекеме басшылығы кабинеттерді, мектептің заманауи техникалық мүмкіндіктерін, спорт залдары мен үйірме кабинеттерін таныстырып оқу жылын бастауға әзір екендігін жеткізді.
Содан кейін депутаттар ата-аналармен тілдесіп, депутат Динара Қуанышқызы “Мектепке жол!” акциясы аясында бірқатар оқушыларға мектепке қажетті оқу құрал-жабдықтарын сыйға тартты.
Қаламыздағы білім беру саласы, әлеуметтік нысандардың құрылысы қалалық мәслихат депутаттарының бақылауында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/1056587?lang=kk
Жауап қалдыру