
Бұл мәселеге қоғамдық тамақтану орындарында, мектеп асханаларында және мектепке дейінгі мекемелерде ерекше назар аудару қажет, себебі мұнда күн сайын балалар мен жасөспірімдер тамақтанады.
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті офлайн және онлайн форматта кезекті семинар-кеңес ұйымдастырды. Іс-шараға «Атамекен» ҰКП өңірлік палатасы мен оның филиалдарының өкілдері, білім басқармасы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармалары, сондай-ақ қоғамдық тамақтану саласында жұмыс істейтін бизнес субъектілері, оның ішінде мектеп асханалары мен мектепке дейінгі ұйымдар, сондай-ақ аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары қатысты.
Өңірдегі сырқаттанушылық пен жаппай тағамдық улану жағдайларына байланысты эпидемиологиялық ахуал туралы баяндама жасаған Департамент басшысының орынбасары Сауле Сәдуақасова болды.
Ол мұндай жағдайлардың мысалдарына тоқталып, олардың негізгі себептерін атап өтті. Спикердің айтуынша, көбінесе мұндай оқиғалар сапасыз немесе дұрыс өңделмеген азық-түлікті қолданумен, тамақты сақтау мен дайындау кезінде температуралық тәртіптің бұзылуымен, сондай-ақ қызметкерлердің жеке гигиена ережелерін сақтамауымен байланысты.
Семинар барысында тағамнан уланудың алдын алу мәселелері, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптары, өндірістік бақылауды ұйымдастыру тәртібі, сондай-ақ микробтық уланудың себептері мен олардың алдын алу шаралары талқыланды.
Сауле Сәдуақасова балалардың тамақтануына ерекше назар аударды. Оның айтуынша, мектеп асханалары мен балабақшаларда қауіпсіздік мәселесі бірінші орында тұруы тиіс, өйткені балалар инфекцияға ең бейім. Тағам өнімдері тек жоғары сапалы болуы, ал олардың сақталуы мен дайындалуы қатаң санитариялық нормаларға сәйкес келуі маңызды.
Тағамнан уланудың алдын алу санитариялық ережелерді қатаң сақтаусыз, бақылауды дұрыс ұйымдастырусыз және үдерістің барлық қатысушыларының – жеткізушілерден бастап ас блогы қызметкерлеріне дейінгі – жауапкершілігінсіз мүмкін емес.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1056588?lang=kk
Жауап қалдыру