Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
📌 СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасын іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында семинар өткізілді.
⚡️Семинарға Ақжар, Жамбыл және Шал ақын аудандары басқармаларының мамандары, білім бөлімдерінің үйлестірушілері, сондай-ақ аталған аудандар мектептерінің өкілдері қатысты.
✨Семинар барысында мониторинг, талдау және тәуекелдерді бағалау бөлімінің басшысы Бегенова Б.Б. «Облыс мектептерінде „Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер“ жобасын енгізу жөніндегі іс-қимыл жоспарларын әзірлеу» тақырыбында баяндама жасады.
✨Мониторинг, талдау және тәуекелдерді бағалау бөлімінің бас маманы Окенова С.Т. жобаны енгізудің үш кезеңі, сондай-ақ оны іске асыру аясындағы коммуникациялық және бағалау жоспарларын құру туралы баяндады.
✨Соңында қатысушылар пікір алмасып, қойылған барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-sko/press/news/details/1057415?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді