
Көктерек ауылдық кітапханасында 28 тамыз күні ҚР Конституцияға 30 жыл толуына орай «Ата Заң-мәңгілік елдің берік тұғыры!» атты дөнгелек үстел өтті. Осы айтулы мерекеге орай Ауыл әкімі Конституция күнімен құттықтап, Конституцияның ерекшеліктеріне, жетістіктеріне тоқталды. Кітапханашы Конституцияның қабылдану тарихы, заң үстемдігі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызы түсіндірді. Сондай-ақ дөңгелек үстелде пікір алмасып, оқырмандар өз ойларымен бөлісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-kokterek/press/news/details/1058754?lang=kk
Жауап қалдыру