
Ауданымызда 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Ата Заңымыз – мемлекетіміздің тұғыры, тәуелсіздігіміздің берік негізі, ел бірлігінің басты кепілі.
Мерекелік жиында аудан әкімінің орынбасары Е.Күзенбаев құттықтау сөз сөйлеп, тұрғындарды ұлық мерекемен құттықтады. Сондай-ақ іс-шара аясында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қосып жүрген азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды. Бұл – туған жердің өркендеуіне еңбегі сіңген жандарға көрсетілген лайықты құрмет.
Бағдарлама барысында халықаралық ареналарда өнер көрсетіп жүрген әншілер мен бишілер сахнада өнер көрсетіп, сыбызғы мен жанды дауыста орындалған әуендер мерекелік көңіл-күй сыйлады. Балалар үшін аниматорлар қызықты ойындар ұйымдастырып, көрермендерге қуаныш пен шаттық сыйлады.
Баршаңызды Конституция күнімен құттықтаймыз! Ел бірлігі мен ынтымағы арта берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbekshilder/press/news/details/1058816?lang=kk
Жауап қалдыру