
ДИПЛОМЫҢЫЗ БАР, БІРАҚ ЖҰМЫС ЖОҚ ПА?!
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Сырым ауданы білім беру бөлімінің «Қ. Мырзалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ қажетті бос лауазымдарға конкурс жариялайды.
(Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 Бірлескен бұйрығының 91 тармағына сәйкес құжаттар қағаз жүзінде қабылданады және конкурс қағаз форматта жүзеге асырылады )
1. Ағылшын тілі пәні мұғалімі – 10 сағат тұрақты. Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық жалақысы – 115 256 теңгеден -181 546 теңгеге дейін.
2. Орыс тілі пәні мұғалімі – 13 сағат тұрақты. (орыс және қазақ сыныптарына) Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық жалақысы – 115 256 теңгеден -181 546 теңгеге дейін.
3. География пәні мұғалімі – 8 сағат тұрақты. Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық жалақысы – 115 256 теңгеден -181 546 теңгеге дейін.
4. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары -1 бірлік (тұрақты);Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық жалақысы – 215 018 теңгеден 261472 теңгеге дейін.
5. Технология пәні мұғалімі – 12 сағат тұрақты. Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық жалақысы – 118 156 теңгеден 181 546 теңгеге дейін.
6. Педагог-ассистент -1 бірлік (декреттік демалыстағы негізгі қызметкердің орнына); Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық жалақысы – 120 540 теңгеден 151 290 теңгеге дейін.
7. Ағылшын тілі пәні мұғалімі – 16 сағат (декреттік демалыстағы негізгі қызметкердің орнына 01.05.2026 жылға дейін);
Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық жалақысы – 126 613 теңгеден 292 508 теңгеге дейін
8. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі -18 сағат ( декреттік демалыстағы негізгі қызметкердің орнына 23.09.2025 жылға дейін); Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық жалақысы – 126 613 теңгеден 292 508 теңгеге дейін
9. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі -18 сағат ( декреттік демалыстағы негізгі қызметкердің орнына 19.08.2025 жылға дейін);Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық жалақысы – 126 613 теңгеден 292 508 теңгеге дейін
10. Физика пәні мұғалімі – 16 сағат (орыс, қазақ сыныптарына, декреттік демалыстағы негізгі қызметкердің орнына 05.01.2026 жылға дейін);Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық жалақысы – 126 613 теңгеден 292 508 теңгеге дейін.
11. География пәні мұғалімі -16 сағат (орыс, қазақ сыныптарына, декреттік демалыстағы негізгі қызметкердің орнына 01.04.2026 жылға дейін); Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық жалақысы – 126 613 теңгеден 292 508 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері және лауазымға қойылатын талаптар: Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығымен айқындалады.
Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” Заңдарын, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспектикваларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психологияны пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысын, оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін, оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Конкурс “Білім туралы” Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары, мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары негізінде өткізіледі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 бірлескен бұйрығымен бекітілген.
Конкурсты өткізу күні жоғарыда көрсетілген қағидаларға сәйкес белгіленеді.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген
құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты – 60-65 балл;
11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар,біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Өткізілетін орны: Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Сырым ауданы білім беру бөлімінің «Қ. Мырзалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде (14.08.2025-22.08.2025 күндері) жүргізіледі. Конкурсқа қатысу үшін құжаттар мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қаратаев көшесі №26
Эл.адрес:soh_myrzalieva@mail.ru
Телефон:8-(71134) 31-1-24; 31-1-59 @актуальное
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1058759?lang=kk
Жауап қалдыру