Сары безгек ауруының алдын алу және бақылау шаралары жөнінде семинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

29.08.2025 күні Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы «Әулие-Ата» халықаралық әуежайында сары безгек ауруының алдын алу, ерте анықтау және эпидемиологиялық қадағалау мәселелері бойынша семинар өткізілді. Іс-шараны Санитариялық-карантиндік бақылау комитетінің Астана қаласындағы көлік санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің бас маманы Кенжебаев Алдияр Нышанұлы ЖОҰСЭК басқармасының басшысы Исенгельдин Альмир Аскаровичпен бірлесіп жүргізді.
Семинар барысында сары безгек ауруы туралы толық ақпарат беріліп, оның таралу жолдары мен алдын алу шаралары талқыланды. Аурудың негізгі белгілері – дене қызуының күрт көтерілуі, қалтырау, бұлшықет және бас ауруы, кей жағдайларда сарғаю байқалатыны айтылды. Сондай-ақ, аурудың Африка мен Оңтүстік Америка елдерінде кең таралғаны атап өтіліп, шетелден келетін жолаушыларды санитариялық бақылаудың маңызы ерекше көрсетілді.
Семинар шеңберінде келесі мәселелерге назар аударылды:
• Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту;
• «Әулие-Ата» халықаралық әуежайында санитариялық-карантиндік бақылауды жетілдіру;
• Сары безгекке қарсы вакцинация талаптарын сақтау;
• Шетелге шығатын Қазақстан азаматтарына профилактикалық кеңес беру.
Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының маңыздылығы атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1059124?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді