
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті 2025-2026 жаңа оқу жылына дайындық шеңберінде өңірлердегі мектептердегі педагогикалық кеңестің өткізілу барысына ағымдағы жылдың 25-29 тамыз аралығында бару арқылы мониторинг жүргізу тапсырылды.
Осы орайда, Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары облыстық білім ұйымдарына барып, зерделеу жүргізіп жатыр. 2025 жылғы 26 тамыз күні Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О.Каппасов «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы білім бөлімі бойынша Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясы» КММ, «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы білім бөлімі бойынша Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейі» КММ педагогикалық кеңестеріне қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-aqmola/press/news/details/1058329?lang=kk
Жауап қалдыру