
Құрметті жамбылдықтар!
Қымбатты жерлестер!
Баршаңызды тәуелсіз мемлекетіміздің ұлық мерекелерінің бірі әрі бірегейі болып саналатын Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасының Ата Заңы – әлемдегі ең жас, әрі жалпыазаматтық құндылықтарды дәріптейтін үздік конституциялардың бірі. Біздің Конституциямыз, ең алдымен, елдің бірлігі мен қоғамның қауіпсіздігін, ұлттар мен ұлыстардың ауызбірлігін, ең бастысы – жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғайды. Олай болса, демократиялық құндылықтарды бекітіп, құқықтық тұғырымызды берік орнықтырып берген Ата Заңымызды әрқашан да қастерлеу мен құрметтеу басты парызымыз болуы тиіс.
Сіздерді мемлекетіміздің мәртебелі мерекесі– Конституция күнімен құттықтай отырып, әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ, құт-береке тілейміз!
Әрдайым аспанымыз ашық, ел іргесі аман, жұртымыз тыныш, келешегіміз кемел, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Конституциямыз ғұмырлы, елдігіміз мәңгі болсын!
Ата Заңды ардақ тұтқан егеменді еліміз өркендей берсін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhambyl/press/news/details/1059734?lang=kk
Жауап қалдыру