
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға қатысты мәселелер бойынша жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында Омбудсмен өтініш иесін мұқият тыңдап, ұсынылған материалдарды зерттеп, толыққанды түсініктемелер берді.
Азаматтарды қабылдау – Уәкіл институтының қызметіндегі негізгі бағыттардың бірі болып қалып отыр.
2025 жылдың 8 айында 2 158 жеке қабылдау өткізілді. Оның ішінде 205 қабылдауды – Уәкілдің өзі, 1 895 қабылдауды – өңірлік өкілдер, 58 қабылдауды – Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері жүзеге асырды.
Ең жиі көтерілетін мәселелердің қатарында – сот актілерімен келіспеушілік және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мәселелер бар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-karaganda-oblysy/press/news/details/1074823?lang=kk

Жауап қалдыру