
16–19 қазан аралығында Қытай Халық Республикасының солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясының астанасы Сиань қаласында XI Халықаралық «Жібек жолы» өнер фестивалі өтті.
Фестивальдің басты мақсаты – Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени және туристік байланыстарды дамыту, Ұлы Жібек жолының тарихи мұрасын насихаттау, сондай-ақ Қазақстан аумағындағы жібек өнері дәстүрі мен сауда қатынастарын кеңінен таныту.
Аталған мәдени шараға Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филармония мен «Конгресс холл» мекемесінің өнерпаздары қатысып, көрермендер тарапынан жоғары бағаға ие болды.
Айта кетейік, дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Ұлы Жібек жолы» өнер фестивалі Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының мәдени ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған бірлескен жоба болып табылады.
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/1089583?lang=kk

Жауап қалдыру