
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Тараз қаласында жаппай ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі күні «Әулиеата» ауданының «Ұлы Дала» шағын ауданында 5000 түп, ал «Жібек жолы» ауданының «Барысхан» алабында 2000 түп ағаш көшеті егілді.
Шараға қала және аудан әкімдіктерінің қызметкерлері, «Жасыл Ел – Тараз» мекемесі, «Байтақ» жасыл партиясының өкілдері, ерікті жастар мен жергілікті тұрғындар белсене қатысты.
Сонымен қатар, акция барысында тұрғындарға қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы түсіндіріліп, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бұл бастама — қаланың экологиялық ахуалын жақсартып, жасыл аймақтардың көлемін ұлғайтуға және таза, жайлы қала қалыптастыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1090347?lang=kk

Жауап қалдыру