
25 қазан – Республика күніне арналған мерекелік шаралар аясында «Нашақорлыққа жол жоқ!» ұранымен 2012–2013 жылы туған жасөспірімдер арасында
дзюдодан Түркістан қаласының ашық біріншілігінің салтанатты ашылуы өтті.
Жарыс О. Жарылқапов атындағы спорт кешенінде ұйымдастырылып, аймақтың түкпір-түкпірінен келген жас татамишыларды бір алаңға жинады. Біріншілікке Түркістан облысының аудан-қалаларынан 250-ге жуық спортшы қатысып, өз шеберліктерін көрсетуде.
Салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан қалалық №5 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры
Сәрсенбаев Ануар Амантайұлы және
Nomad School инновациялық мектеп-лицейінің директоры
Абибулла Смайл Қансеитұлы қатысып,
жарысқа қатысушыларды құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі.
Олардың айтуынша, мұндай жарыстар тек спорттық бәсеке ғана емес, жастарды салауатты өмір салтына баулып, ерік-жігері мен рухын шыңдайтын маңызды іс-шара болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1093291?lang=kk

Жауап қалдыру