ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖӘРМЕҢКЕЛЕР МЕН ЖЕҢІЛДІКТЕР

Жарияланды:

Автор:

категорияда
25 қазан – Республика күні мерекесіне орай Түркістан қаласында тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлау және отандық өнімдерді қолжетімді бағада ұсыну мақсатында жәрмеңкелер мен жеңілдіктер ұйымдастырылуда.
25 қазан күні Жаңа қала шағын ауданындағы «Достық үйі» маңында, ал 26 қазан күні Бекзат мөлтек ауданындағы «Ынтымақ» аллеясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеге Тұрақтандыру қоры мен Арыс, Келес, Бәйдібек, Төлеби, Сайрам және Созақ аудандарынан келген ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер қатысып, ет, сүт, көкөніс, жарма және күнбағыс майы сияқты негізгі тауарларды төмен бағамен ұсынады.
Сонымен қатар, 23–29 қазан аралығында қаламыздағы ДАСТАРХАН, МАГНУМ, ШАПАҒАТ, ХАЛЫҚ, ШҰҒЫЛА, МЕЧТА, ЭВРИКА, ТЕХНОДОМ және басқа да ірі сауда орындарында 20–50% аралығында жеңілдіктер қарастырылған.
Мереке қарсаңында «TURAN MALL», «КЕРУЕН САРАЙ» және «KHANSHAIYM PLAZA» сауда орталықтарындағы дүкендерде де 10–50% дейінгі арнайы акциялар өтуде.
Республика күніне арналған акцияға қала бойынша 100-ге жуық кәсіпкер атсалысып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1093288?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді