
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында Алматы облысының Полиция департаментінде азаматтарды жеке қабылдау тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Бұл бастаманың басты мақсаты – тұрғындардың полицияға деген сенімін нығайту, ішкі істер органдары басшылығының ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтарды толғандыратын мәселелерді уақтылы және тиімді шешу болып табылады.
Әрбір өтініш жеке тәртіппен қаралып, полиция құзыреті шегінде нақты шешімдер қабылданады. Ерекше назар азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, құқық бұзушылықтың алдын алуға, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылға, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аударылады.
Бүгінде Алматы облысының полициясы заңдылық, әділдік және кез келген құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік қағидаттарына сүйене отырып қызмет атқаруда.
Біз тек азаматтардың, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың белсенді қатысуы арқылы ғана тұрақтылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге болатынына сенеміз.
Полиция департаменті алдағы уақытта да халықпен ашық диалог орнату, учаскелік инспекторлардың жұмыс сапасын арттыру, цифрлық сервистерді жетілдіру және азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру бағытындағы жұмыстарды жалғастырады
Заң мен тәртіп – қоғам игілігінің тірегі.
Әрбір полиция қызметкері адалдықтың, әділдіктің және халық алдындағы жауапкершіліктің үлгісі болуы тиіс.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1093861?lang=kk

Жауап қалдыру