
Телеграмм КС – https://t.me/consot_kz
Конституциялық Сотқа Қылмыстық-процестік кодекстің 484-бабы бірінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтініш келіп түсті.
Өтініш беруші дауланып отырған норма апелляциялық тәртіппен үкімге шағымданбаған азаматтарға кассациялық шағым беруді шектейді, бұл оларды кассациялық шағымдану құқығынан іс жүзінде айырады деп санайды.
Өтініш авторы 2021 жылғы 18 қаңтардағы сот үкімімен Қылмыстық кодекстің 361-бабы төртінші бөлігінің 3) тармағында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған. Бірінші сатыдағы соттың үкіміне апелляциялық шағым түскен жоқ, өйткені өтініш беруші қылмыстық қудалау органымен процестік келісімін жасады. Үкім 2021 жылдың 3 ақпанында, яғни Конституциялық Сотқа жүгінуден төрт жыл бұрын заңды күшіне енген.
Конституциялық Сот өтініш берушіге «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заңның 45-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, егер сот актісі қабылданғаннан кейін бір жылдан кешіктірілмейтін мерзімде берілсе, азаматтың жүгінуіне жол берілетінін түсіндірді.
Нәтижесінде, алдын ала қараудың қорытындысы бойынша конституциялық іс жүргізуге өтінішті қабылдаудан бас тартылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1093891?lang=kk

Жауап қалдыру