Ауыл мектептері арасындағы республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Абай облысы Аягөз ауданы ауыл мектептерінің 9-11(12) сынып оқушыларына жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңі басталуда. Аудандық кезең жеңімпаздары  25 мектептен 86 оқушы өз білімдерін сынады.

  2025 жылдың 27-30 қазан күндері аралығында ережеге сәйкес 12 пәннен дәстүрлі түрде теориялық және практикалық кезеңдерден тұратын олимпиадалық тапсырмаларды орындады.

27 қазан – келу күні.

28 қазан – кезең

29 қазан – кезең

30 қазан – аппеляция

  Жаратылыстану – математикалылық бағыты: биология-3, Физика-9, Химия-8, География-6, Информатика-10, Математика-12.

  Қоғамдық – гуманитарлық бағыты: ағылшын тілі-6, Орыс мектептеріне арналған қазақ тілі-8, Қазақ тілі мен әдебиеті-5, Қазақ мектептеріне арналған орыс тілі-8, Орыс тілі мен әдебиеті-3. Құқық негіздері-8, Қазақстан тарихы-8.

  Аягөз ауданы білім бөлімінің басшысы Н.Т.Азимбаев қатысушыларды құттықтап, сәттілік пен жеңіс тіледі!

  Абай облысы «Дарын»облыстық ғылыми-әдістемелік орталығының маманы Анаргүл Сағатбековнаның  басшылығымен Академиялық адалдықты сақтай отырып, олимпиаданың сапалы өту мақсатында барлық кабинеттерде YouTube көрсетілім жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1095498?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді