Бурабай ауданында Щучинск қаласының №3 мектебінде жастардың құқықтық мемлекеттегі рөлі талқыланды»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен Бурабай ауданы прокуратурасы Щучинск қаласындағы № 3 жалпы білім беретін мектепте жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және белсенді азаматтық ұстанымын дамытуға бағытталған «Жас ұрпақ» қауымдастығы көшбасшыларының маңызды кездесуін ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың заңға деген құрметін тәрбиелеу, тәртіпті сақтаудың және жеке жауапкершіліктің маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ азаматтық сананы дамыту болды.

Іс-шараға білім бөлімінің, құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ қалалық және ауылдық мектептердің оқушылары қатысты. Кездесу барысында заң талаптарын сақтау, құқықтық жауапкершілік, жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ әділетті әрі құқықтық қоғам құрудағы жастардың рөлі талқыланды.

Іс-шара қорытындысы бойынша жастардың құқықтық мәдениеті мен белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудың, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңызды шарты екені атап өтілді.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1151326?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді