Оқушылардың медициналық бағыты бойынша ерте кәсіби бағдар беруді дамыту үшін Шахтинск қаласының төрт білім беру ұйымдарында 2022 жылдан бастап «Медициналық сынып» облыстық жобасы іске асырылуда.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Оқушылардың медициналық бағыты бойынша ерте кәсіби бағдар беруді дамыту үшін Шахтинск қаласының төрт білім беру ұйымдарында 2022 жылдан бастап «Медициналық сынып» облыстық жобасы іске асырылуда. («Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп – лицейі» КММ, «№2 жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Е.Бөкетов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, «№7 жалпы білім беретін мектебі» КММ).
Шахтинск қаласының білім бөлімі мен Шахтинск қаласының ауруханасы арасында жасалған бірлескен жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде қаңтарда келесі кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді: денсаулық сақтау ұйымдары бойынша экскурсиялар, медициналық кабинеттерге кіру, медициналық кабинеттермен танысу, алғашқы медициналық көмек көрсету негіздерін оқыту, диагностикалық, травматологиялық, паллиативтік бөлімшелерде практикалық сабақтар өткізілді. Бұл жұмыс ай сайын жүргізіледі. Осы мектептердің медициналық сынып оқушыларынан басқа, экскурсияларға Оқушылар сарайының «Медициналық білім негіздері» үйірмесінің тәрбиеленушілері қатысады.
Естеріңізге сала кетейік, Шахтинск қаласының білім бөлімі мен Шахтинск қаласының ауруханасы 2026 жылға арналған «Медицинаға қадам» облыстық жобасын іске асыру шеңберінде оқушылардың кәсіптік бағдарлануын қамтамасыз ету және білім беру ұйымдарында медициналық сыныпты ашу мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық және әлеуметтік әріптестік туралы меморандум жасасты, оның шеңберінде осы бірлескен жұмыс жоспары жасалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/1150926?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді