«Қаладан-ауылға» бағдарламасы аясында Успен ауданында әдістемелік шеберхана жұмысы жалғасын тапты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

В рамках программы «Из города в село» и сотрудничества с Успенским районом специализированная школа-лицей «Зерде» продолжила работу методической мастерской на тему «Современные методы и приёмы обучения».

«Қаладан-ауылға» бағдарламасы шеңберінде Успен ауданымен ынтымақтастық аясында «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен «Заманауи білім беру әдіс-тәсілдері» тақырыбында әдістемелік шеберхана өз жұмысын жалғастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ауыл мектептері педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи оқыту технологияларын тиімді қолдану тәжірибесімен бөлісу, сондай-ақ әдістемелік қолдау көрсету.

Шеберхана барысында қатысушыларға инновациялық педагогикалық әдістер, белсенді оқыту формалары, цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану жолдары таныстырылып, практикалық сабақтар мен шеберлік сағаттары өткізілді. Педагогтер өзара тәжірибе алмасып, оқу сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар алды.

Аталған жұмыс ауылдық мектептерде білім беру сапасын арттыруға, педагогтердің кәсіби дамуын қолдауға және қала мен ауыл мектептері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uspen-bilim/press/news/details/1150925?lang=kk