«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы. Сұрақ – жауап

Жарияланды:

Автор:

категорияда
1. «Ұлттық қорбалаларға» бағдарламасының мақсаты мен оған жүктелгенміндеттер қандай?

«Ұлттық қорбалаларға» бағдарламасы ел байлығын өскелең ұрпаққа әділ бөлуді көздейді. Қазақстан жастарына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Ал Қазақстанның Ұлттық қорындағы жинақтар жас азаматтарға ересек өмірге алғашқы қадамды нық сеніммен жасауға септесетін қаржылай құрал депайтуға толық негіз бар.

 

2. Бағдарламаға кімдер қатыса алады жәнебұл жоба Қазақстан азаматтығы бар барлықбалаға қатысты ма?

Еліміздің қай өңірінде тұрып жатқанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып саналатын барлық кәмелет жасқа толмаған бала «Ұлттық қорбалаларға» бағдарламасының қатысушысы екенін айта кетейік.

 

3. Осы бағдарламаның аясында бағытталатын қаражат қандай көздер есебінен қалыптастырылады?

Мақсатты (нысаналы) жинақтар жыл сайын ҚР Ұлттық қорының он сегіз жылдағы орташа инвестициялық табысының 50% есебінен қалыптастырылады.

Сонымен қатар кәмелет жасқа толмаған азаматтарға жыл сайын жіберілетін қаражаттың үстіне инвестициялық табыс та есептелетінін атап өткен жөн.

 

4. Әр балаға тиесілі қаражатты есептеу және есепке алу процесі қалай жүзеге асырылады?

Жыл сайын ҚР Ұлттық банкінің есебіне сәйкес БЖЗҚ «Ұлттық қорбалаларға» бағдарламасына жіберілетін қаражат сомасы мен Қазақстан азаматы болып саналатын балалардың саны бойынша жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорынан алынған ақпараттың негізінде қажетті ақшаны барлық кәмелет жасқа толмаған баланың арасында біркелкі бөледі.

 

5. Балаларға бөлінетін қаражат нақты қайда жинақталады және белгіленген жасқа дейін бұлақшаға кімдер иелік етеді?

Кәмелет жасқа толғанға дейін жинақталатын қаражат БЖЗҚ-дағы әр баланың шотында шартты түрде сақталады. Десе де іс жүзінде Ұлттық қордың жалпы активтерінде болып, инвестициялық бағдарламаларға қатысып, көбейіп отыратынын айта кету керек.

Ал белгіленген жасқа толған соң БЖЗҚ арнайы атаулы шот ашып, баспана мәселесі немесе білімалуға пайдалануға болатын нақты жинақталған сома соған аударылады.  

 

6. Ата-аналардың немесе балалардың заңды өкілдерінің осы қаражатты алуға немесе басқару процесіне қатысуы қарастырылған ба?

Кәмелет жасқа толмаған баланың ата-анасы немесе заңды өкілдері қаражатты жинақтау және басқару процесіне қатыса алмайды. Тиісті жасқа толғаннан кейін аталған жинақтың иесі ғана қаражатты пайдалана алады.

Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы немесе заңды өкілдері қаражатты есептеу және басқару процесіне қатыса алмайды. Кәмелетке толғаннан кейін бұл қаражатты алушының ғана билік ету құқығы бар.

 

7. Жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиеленіп отырған жандарға қаражат есептеу тетігі қалай іске асырылады?

«Ұлттық қорбалаларға» бағдарламасына әлеуметтік жағдайы мен мәртебесіне қарамастан Қазақстан азаматы болып саналатын барлық бала қатысады.

 

8. Азамат жинақталған қаражатты қай жаста және қандай жағдайда пайдалануға құқылы?

Жиналған қаражатты пайдалану құқығы кәмелет жасқа толған (18 жаста) кезде және Қазақстан азаматтығы бар болғанда беріледі.

 

9. Бағдарлама шеңберінде алынған қаражатты қандай мақсаттарға пайдалануға болады және олардың мақсаты жұмсалуы бойынша шектеубар ма?

«Ұлттық қорбалаларға» бағдарламасы аясында жинақталған қаражатты тек тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және Қазақстан аумағы мен одан тыс жерлерде оқу ақысын төлеу қарастырылған.

 

10. Еліміздің азаматтары бағдарлама аясындағы аударымдар мен оны іске асыру тәртібі туралы ресми ақпаратты қайдан таба алады?

Ата аналар баланың бағдарламада бар-жоғын және жинақ сомасын бірнеше жолмен тексере алады:

kids.enpf.kz (баланың ЖСН бойынша) мамандандырылған сайтында;
eGov.kz порталындағы жеке кабинет арқылы;
Halyk, Kaspi.kz және Bcc.kz мобильді қосымшаларында.

Ескеретін жайт! 18 жасқа толған кезде жинақтар БЖЗҚ-дағы арнайы шотқа аударылады және аударымдарды қаражат алушы электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы ғана қарай алады.

11. Егер де азаматтар мәліметтерді тексеру кезінде балалары туралы ақпаратты таба алмаса немесе «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша аударымдарды көре алмаған жағдайда не істеу керек?

Балаға қатысты деректер электронды үкіметтің EGov mobile мобильді қосымшасында табылмаған жағдайда ХҚКО-на барып, тексеру қажет.

Сондай-ақ Қазақстан азаматтығын анықтау үшін тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне хабарласып, қажетті құжаттардың тізімін алу керек.

 

12.  «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатысатын әр балаға қанша ақша төленеді?

Әрбір кәмелет жасқа толмаған бала «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатысу уақытына қарай тиісті қаражатты ала алады.

Мәселен, бағдарламаға 3 жыл (2024-2026 жылдар) қатарынан қатысып келе жатқан кез келген баланың жалпы жинақталған сомасы 370,56 доллар (2024 жылға дейін туған) болады.

2 жыл (2025-2026) қатысқан баланың тұтастай жинақ сомасы – 263.93 долларға тең.

Ал 2025 жылы дүниеге келген балалардың алғашқы төлемдері 130.71 доллардың шамасында.

Демек, кәмелет жасқа толмаған әр бала алатын ақшаның мөлшері әртүрлі болуы мүмкін.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1152113?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді