
Бұл мәселеге 2026 жылғы 12 қаңтарда Айыртау ауданының әкімі Мейрам Меңдібаевтың төрағалығымен аудан активінің қатысуымен өткен жұмыс кеңесінде ерекше назар аударылды.
Айыртау ауданының Мансап орталығының басшысы Руслан Қожахимов халықты жұмыспен қамтуға бағытталған маңызды жұмыстың негізгі басымдықтарына тоқталды:
2026 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқыту аясында 17 адам біліктілігін арттырады немесе еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа мамандықтарды меңгереді. Оқыту жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде жүргізіледі.
2026 жылы әлеуметтік осал топтарға жататын 20 азаматқа бизнес-идеяларын іске асыру үшін 400 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар беріледі. Қаржыландырудың жалпы көлемі – 34 миллион 600 мың теңге.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 15 адам, жастар практикасына 31 жас маман жіберу жоспарлануда.
Қоғамдық жұмыстарға 106 адам тартылатын болады.
«Күміс жас» бағдарламасына 17 адам қатысады.
2026 жылы халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары аясында 550 адам бос жұмыс орындарына орналастырылады. Бұл бағыттағы жұмыс жұмыс берушілермен тығыз өзара іс-қимылда, соның ішінде бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін өткізу, өзекті вакансияларды мониторингілеу және жұмыссыз азаматтарды жеке сүйемелдеу арқылы жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, «Күшті өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 2026 жылы Айыртау ауданы еңбек күші артық өңірлерден 65 отбасын (230 адам), оның ішінде 3 қандас отбасын (10 адам) қоныстандыруды жоспарлап отыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-airtau/press/news/details/1152677?lang=kk

Жауап қалдыру