
12 қаңтар күні аудан әкімдігінде аудан әкімі Мейрам Меңдібаевтың ауылдық округтердің әкімдерімен, аудан әкімдігінің бөлім басшыларымен, аудан ұйымдары мен кәсіпорындарының жетекшілерімен жұмыс кеңесі өтті.
Кеңесте 2026 жылға арналған жұмыс жоспарларын жан-жақты әрі сапалы әзірлеуге ерекше көңіл бөлінді. Іс-шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Ш. Тұралинов ауылдық округ әкімдеріне бастапқы ардагерлер ұйымдарымен тығыз өзара іс-қимылды жолға қоюды сұрады. Сондай-ақ ардагерлердің атқарушы билік органдарына жиі көтеретін мәселелеріне назар аударып, ауылдық округ әкімдерінің жұмыс жоспарларына қарт адамдардың қатысуымен немесе зейнеткерлерге арналған іс-шараларды жыл бойына айлар бөлінісінде енгізуді ұсынды.
Аудан әкімі Серікбай Шәріпұлының ұсыныстарын қолдап, әлеуметтік саланы қадағалайтын аудан әкімінің орынбасары Д.Д.-К. Мажғұловаға өз кәсіпорындарымен байланысын жоғалтқан зейнеткерлерді назардан тыс қалдырмауды тапсырды. Ауданда мұндай азаматтардың саны шамамен жеті жүзге жуық. «Бұл адамдардың ешқайсысы назардан тыс қалмауы тиіс», – деп атап өтті Мейрам Жақсылықұлы.
Сонымен қатар аудан әкімі ауылдық округтерде мерейтой иелері болып табылатын ардагерлермен, еңбек әулеттерімен жүйелі түрде жұмыс жүргізуді тапсырды. Бұл қарттыққа жеткен, еңбегімен елге сыйлы азаматтарды дер кезінде атап өтіп, өміріндегі маңызды әрі мәнді оқиғаларымен құттықтауға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-airtau/press/news/details/1152679?lang=kk

Жауап қалдыру