«АУЫЛ АМАНАТЫ» – АУЫЛ ХАЛҚЫНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен кезекті апталық аппарат мәжілісі өтті.
Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл округтерінің әкімдері, бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.
Жиында күн тәртібіне сәйкес «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы мәселе қаралды. Аталған бағыт бойынша аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Батырбек Сыздық пен кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Ержан Оралбай баяндама жасап, бағдарламаның аудан аумағында іске асырылу барысы жөнінде кеңінен ақпарат берді.
Баяндамаларда бағдарламаның негізгі бағыттары, ауыл тұрғындарын кәсіпкерлікке тарту, шағын және орта бизнесті дамыту, жеңілдетілген несиелеу тетіктері мен олардың тиімділігі сөз болды. Сонымен қатар, қаржыландыру көлемі, өтінімдерді қабылдау тәртібі, іске асырылып жатқан жобалардың нәтижелері және алдағы кезеңге жоспарланған шаралар баяндалды.
Мәжіліс барысында қатысушылар тарапынан ұсыныстар айтылып, бағдарламаны одан әрі жетілдіру жолдары талқыланды. Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы жауапты сала басшыларына бағдарламаның сапалы әрі уақтылы іске асырылуын қамтамасыз ету, ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту және бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қатаң бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Жиын қорытындысы бойынша белгіленген тапсырмалардың орындалу барысы алдағы аппараттық мәжілістерде тұрақты түрде қаралатыны ескертілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1152868?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді