
|
2025 жылғы 5 желтоқсанда Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «СОЦKZ» қоғамдық қоры «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышым» атты облыстық эсселер мен бейнероликтер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізді. Байқауға облыстың әр өңірі мен қалаларынан 200-ден астам өтінім келіп түсті. Номинация жеңімпаздары: – «Әр жүректе патриотизм» – Қылышбек Нұржанар, Жарма ауданы; – «Тәуелсіздіктің рәміздері – болашақтың негізі» – Жанымханова Балнұр, Мақаншы ауданы; – «Жастар және ұлттық мақтаныш» – Кәденова Самал, Жарма ауданы; – «Рәміздер – халық рухы» – Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты, Абай ауданы; – «Мемлекеттік рәміздер – жастар өмірінде» – Шәкәрім атындағы №5 гимназия, Семей қаласы; – «Менің елім – мақтанышым» – Отан Жансая, Мақаншы ауданы. Жеңімпаздар мазмұнды эсселері мен сапалы бейнероликтері арқылы өздерінің Отанға деген сүйіспеншілігін және мемлекеттік рәміздерге деген құрметін жоғары деңгейде көрсете білді. |

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1153405?lang=kk

Жауап қалдыру