«Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңның 41 баптың 5 тармағына сәйкес жекеше мекеме, қоғамдық бірлестік, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қоғамдық, корпоративтік және жекеше қорлар, заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестігі нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздерi және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
Мәліметтерді оңайлату және уақтылы тапсыру мақсатында жаңартылған платформада келесі сілтеме бойынша жаңа платформа арқылы есептілікті тапсыру туралы бейне-нұсқаулық орналастырылды – https://esep.govtec.kz/video.mp4.
Осы Заңның 43 баптың 1 тармағына сәйкес заңдарды бұзу коммерциялық емес ұйымның Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тәртіппен жауапты болуына әкеп соқтырады.
Түсініктеме алу үшін “Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі” ММ-не Космонавтов 31 к., 309 – кабинет, телефон 3-37-49 хабарласа аласыздар.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-audany-akimat/press/news/details/1153808?lang=kk

Жауап қалдыру