
Станционный кентінің әкімдігі «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Б.Беспалиновтың қатысуымен кент тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуге кент әкімі А.Т. Төлебаев қатысып, жергілікті маңызы бар өзекті мәселелер талқыланды.Іс-шара барысында Б.Беспалинов партияның қызметі мен депутаттық жұмысы туралы ақпарат беріп, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, инфрақұрылымды дамытуға және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған партиялық жобалардың іске асырылу барысын баяндады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды қолдау және қоғамдық диалогты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында кент тұрғындары абаттандыру, жолдардың жағдайы, көше жарығы, коммуналдық қызметтердің жұмысы, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша өз сұрақтары мен ұсыныстарын білдірді. Барлық көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, жекелеген өтініштер кент әкімдігі тарапынан бақылауға алынып, уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kokshetau-stantsionnyi/press/news/details/1153809?lang=kk

Жауап қалдыру