Салауатты жұмыс орны

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жұмысқа қабілетті халықтың үлесін арттыру және қызметкерлердің денсаулығын нығайту мақсатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Салауатты жұмыс орындары» жобасын іске асыруда.

Жобаның негізгі мақсаты:

  • Қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын қалыптастыру;
  • Қызметкерлердің физикалық және психологиялық денсаулығын қолдау;
  • Еңбек өнімділігін арттыру;
  • Ұжымдық мәдениетті дамыту және нығайту.

Салауатты жұмыс орны – бұл:

  • Эргономикалық талаптарға сай және қауіпсіз жұмыс кеңістігі;
  • Қимыл-қозғалысты ынталандыру (белсенді үзілістер мен жаттығулар);
  • Дұрыс тамақтану және жеткілікті су ішу дағдыларын қалыптастыру;
  • Қызметкерлердің эмоционалдық әл-ауқатын сақтау.

Салауатты жұмыс ортасы – ел дамуының берік негізі.
Бірлесе отырып, дені сау, бақытты және тиімді жұмыс орындарын қалыптастырайық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1153867?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді