ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
📍Сайрам ауданының орталығы Ақсу ауылында орналасқан «Қайрат» спорт кешенінде волейболдан 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті.
▪️Жарысқа облыстың әр өңірінен келген барлығы 14 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Тартысты өткен бәсекенің қорытындысы бойынша 1-орынды Сайрам ауданының командасы иеленді. Жүлделі 2-орын Ордабасы ауданының командасына бұйырды. Ал 3-орынды Түлкібас ауданының командасы місе тұтты.
▪️Чемпионат барысында үздік ойын өрнегін көрсетіп, көзге түскен командалар мен ойыншылар алдағы уақытта Өскемен қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алды.
▪️Аталған жарыс жасөспірімдер арасында волейбол спортын дамытуға, жас спортшылардың тәжірибе жинақтауына және олардың кәсіби шеберлігін арттыруға үлкен мүмкіндік берді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1153622?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді