
Жылыту маусымы кезінде пештерді дұрыс пайдаланбауға байланысты жазатайым оқиғалар саны артып, соның салдарынан тұрғындар көмірқышқыл газымен (улы газымен) уланады.
Алтай қаласында Гребакина көшесінде пештің ысырмасы жабық болуы және пештегі жарықтар арқылы көмірқышқыл газы үйге тараған. Соның нәтижесінде 2023 жылы туған бала медициналық мекемеге жеткізілді.
Оның ата-анасы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды өрт қауіпсіздігі мәселелеріне уақтылы назар аударуға шақырады
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1157065?lang=kk

Жауап қалдыру