ШҚО-да құсбегіліктен өткен обыстық чемпионаттың жеңімпаздары анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысында құсбегіліктен II облыстық чемпионат өз мәресіне жетті.

2026 жылдың 6-8 ақпаны аралығында Күршім ауданының Топтерек ауылында өткен бұл ауқымды біріншілікті облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Күршім ауданының әкімдігі ұйымдастырды.

Дүбірлі додаға Өскемен қаласынан, Зайсан, Ұлан және Үлкен Нарын аудандарынан ең үздік құсбегілер жиналды. Жарысқа барлығы 25 бүркіт пен 6 ителгі (қаршыға, сұңқар) қатысты.

Бүркітшілер арасындағы тартысты бәсекеде Ұлан ауданының намысын қорғаған Нажитбан Горький жеңімпаз атанып 1-орынды иеленді. 2-орын Зайсан қаласынан келген Ақынбек Төлепбергенге бұйырса, 3-орынды Нажитбан Айзере қанжығасына байлады. Құсбегілер бүркітті қолға шақыру және шығарға салу тәсілдері бойынша жоғары шеберліктерін көрсетті.

Топтерек ауылындағы бұл дода ұлттық рухты асқақтатып, өскелең ұрпақты ата кәсіпке баулуда маңызды рөл атқарды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1157066?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді