
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласы 34-шағынауданда орналасқан №19 жалпы білім беретін мектебінде оқушылармен профилактикалық кездесу өткізді.
Іс-шара барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау мәселелері талқыланды. Оқушыларға қолданыстағы заңнама талаптары, заң алдындағы жауапкершілік түрлері, сондай-ақ қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі қағидалары жан-жақты түсіндірілді.
Аталған профилактикалық кездесу жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған.
https://www.instagram.com/reel/DUf1hoDjIC1/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1157086?lang=kk

Жауап қалдыру