Маңғыстау облысында жоғары сынып оқушыларымен құқықтық және діни сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 31 қаңтарда Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында 10–11 сынып оқушыларымен құқықтық және діни сауаттылықты арттыру мақсатында арнайы кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға Маңғыстау облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Жанболат Азаматов және Маңғыстау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығы КММ-нің дінтанушы маманы Серикхан Сәрсенбиев қатысты.

Кездесу барысында экстремизм мен терроризмнің алдын алу, заң талаптарын сақтау, діни мазмұндағы ақпаратты дұрыс қабылдау, сондай-ақ жеке қауіпсіздік шараларын сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Мамандар нақты мысалдар келтіре отырып, жасөспірімдердің құқықтық жауапкершілігі мен сыни ойлау қабілетін қалыптастырудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты әрі мазмұнды жауаптар алды. Кездесу мазмұнды диалог форматында өтіп, оқушылар үшін пайдалы ақпарат алаңына айналды.

https://www.instagram.com/reel/DUf2niDDPOe/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1157085?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді