
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен Сарыағаш қаласының бас жоспарлау жобасын талқылау бойынша кеңес өтті. Жиынға аудан әкімі аппаратының салаға жауапты орынбасары, құрылыс және сәулет, қала құрылысы бөлімінің архитекторы, Сарыағаш қаласы әкімінің орынбасары және жобалаушы «Redline» ЖШС өкілдері қатысты.
Кездесу барысында аудан басшысы жобалау ұйымына бірнеше нұсқада концепция әзірлеу қажеттігін атап өтті. Арман Абдуллаев өз сөзінде әрбір жобалық жұмыста таңдау мүмкіндігі болуы тиіс екенін, осы мақсатта жауапты сала басшыларымен бірлесіп бірнеше нұсқаны ұсыну қажет екенін айтты. Жобалаушы мекемеге нақты тапсырмалар беріп, жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету үшін салаға жауапты орынбасары Мурат Байгабуловқа жүктеді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1161811?lang=kk

Жауап қалдыру