
Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпия ойындарында шаңғыдан әйелдер арасында эстафета сайысы өтті. Әлемнің 19 елі ғана қатысқан бәсекеде Қазақстан арулары да жүлдеге таласты.
4×7.5 эстафета сайысының қорытындысы
1-орын. Норвегия – 1:15:44.8
2-орын. Швеция +50.9 секунд
3-орын. Финляндия +1:14.7
Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко бастаған командамыз 15-орынға тұрақтады.
Айта кетейік, шаңғыдан Милан-2026 Олимпиадасының басты ерекшелігі – әйелдер мен еркектердің құқығы теңестіріліп, бірдей қашықтықта жүлдеге таласады.
Бейжің Олимпиадасында әйелдер эстафетада 5 шақырымға жүгірсе, биыл 7,5 шақырымға көбейтілді.
Фото: Тұрар ҚАЗАНҒАП
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1161911?lang=kk

Жауап қалдыру