
Италияның Валь-ди-Фьемме кластерінде шаңғымен тұғырдан секіруден үлкен трамплинде Илья Мизерных пен Данил Васильев те финалда өнер көрсетті. Ал Илья Мизерных іріктеу кезеңінде көпшілікті таңғалдырып, ТОП-10-ға кірді.
2024 жылғы жасөспірімдер арасындағы Канвон Олимпиадасының чемпионы Илья Мизерных іріктеу кезеңінде ең ұзақ 140,5 метрге дейін секірді.
Жүлдегерлер:
1-орын. Домен Превц (Словения) – 301.8 ұпай
2-орын. Рен Никайдо (Жапония) – 295.0 ұпай
3-орын. Кацпер Томасяк (Польша) – 291.2 ұпай
8-орын. Илья Мизерных – 281.6 ұпай
27-орын. Данил Васильев – 235.9 ұпай
Илья Мизерных жарыс барысында Олимпиада чемпионы Филипп Рейменд (Германия), Йоханн Андре Форфанг (Норвегия), Андреас Веллингер (Германия) сынды фавориттерден озып кетті.
Фото: Тұрар ҚАЗАНҒАП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1161968?lang=kk

Жауап қалдыру