
Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпия ойындарында биатлоннан іріктеуден өткен 60 спортшы із кесу сайысында жүлдені сарапқа салды. Бұл бәсекеде Владислав Киреев мәреге 42-орынмен жетті.
12.5 шақырым қашықтықты құрайтын сайыста отандасымыз нысанаға көздеуде 4 рет мүлт кетті.
1-орын. Мартин Понсилуома (Швеция) 31:11.9 (1 рет мүлт кетті)
2-орын. Стурла Холм Легрейд (Норвегия) 31:32.5 (2 рет мүлт кетті)
3-орын. Эмильен Жаклен (Франция) 31:41.6 (3 рет мүлт кетті)
42-орын. Владислав Киреев – 35:52.0
Айта кетейік, 11 жүлде сарапқа салынатын биатлон жарысы 21 ақпанда мәресіне жетеді.
Фото: Тұрар ҚАЗАНҒАП
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1161969?lang=kk

Жауап қалдыру