Франция Сенатында Қазақстанның Еуразиядағы тұрақтылық пен байланыстылықты нығайтудағы рөлі талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Париж, 2026 жылғы 13 ақпан – Франция Сенатында Қазақстан мен Орталық Азияның геоэкономикалық мүмкіндіктері мен геосаяси сын-қатерлеріне арналған конференция өтті. Іс-шара Франция Сенаты вице-президенті Лоик Эрве қолдауымен ұйымдастырылып, Еуропа перспективалары және қауіпсіздік институтының (IPSE) бастамасымен өткізілді.

Қазақстан тарапынан конференция жұмысына Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Евгений Больгерт және “Xander Group” компаниясының бас директоры Искандер Ақылбаев қатысты.

Алғы сөздерінде Қазақстан Елшісі мен Франция Сенатының вице-президенті Қазақстанның стратегиялық маңызын атап өтіп, оның Орталық Азиядағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі және өңірлік экономикалық ықпалдастық пен көлік байланыстарын дамытудағы жүйеқұраушы рөлін ерекше атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы өзара байланысты нығайтудағы сенімді серіктес екені айтылды. Жаһандық өзгерістер жағдайында Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдету Франция мен Еуропалық одақтың ұзақ мерзімді мүдделеріне сай келетіні атап көрсетілді.

Сенатор Е.Больгерт Қазақстанның теңгерімді әрі прагматикалық сыртқы саясат ұстанымына берік екенін жеткізді. Ол жаңа Конституцияның қабылдануы елдің саяси дамуының маңызды кезеңі болатынын, тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсімге, инвестициялық тартымдылықты арттыруға және шетелдік серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге қосымша мүмкіндіктер ашатынын айтты.

И.Ақылбаев Транскаспий халықаралық көлік бағытының (Орта дәліз) дамуына, инфрақұрылымды жаңғыртуға және логистикалық байланыстылықты күшейтуге назар аударды. Оның айтуынша, бұл бастамалар жеткізу тізбектерін әртараптандыруға, стратегиялық ресурстарға қолжетімділікті кеңейтуге және еуропалық серіктестер үшін сауда бағыттарының тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді.

Екі тақырыптық сессияны IPSE президенті Эммануэль Дюпьи мен Институт сарапшысы Пьер Морен жүргізді. Пікірталасқа француз сенаторлары, депутаттар және сарапшылық-академиялық орта өкілдері қатысты. Талқылау барысында Орталық Азияның стратегиялық тұрғыдан жаңа кезеңге қадам басқаны атап өтіліп, Қазақстан өңірлік тұрақтылықты нығайтуда, экономикалық ықпалдастықты тереңдетуде және көлік байланыстарын дамытуда айқындаушы рөл атқаратыны ерекше көрсетілді.

Конференция қорытындысы бойынша Франция, Қазақстан және Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара қызығушылық расталды. Бұл тұрақты, өзара байланысты және болжамды Еуразиялық кеңістікті қалыптастыруға ықпал ететіні атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-paris/press/news/details/1162913?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді