Абай облысында “Қызметтік қару” жедел профилактикалық іс-шарасының алғашқы кезеңінде 67 заңды тұлға тексерілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2–14 ақпан аралығында Абай облысының аумағында құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Қызметтік қару» жедел профилактикалық іс-шарасының бірінші кезеңі өткізілді. Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты – ұйымдарда қызметтік және спорттық қаруды, сондай-ақ оған арналған оқтарды сатып алу, сақтау, есепке алу, беру және пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарының сақталуын қамтамасыз ету болды.

Іс-шара барысында ерекше назар қаруды орталықтандырылған сақтау пункттері, ату залдары, облыс әкімдіктерінің орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемелері, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ қызметтік қаруды пайдаланатын аңшылық және балық шаруашылықтарына аударылды. Бұл бағыттағы тексерістер қарудың қауіпсіз айналымын қамтамасыз ету, қызметкерлер мен қоғам мүшелерінің қауіпсіздігін қорғау және заңнамалық тәртіпті күшейтуге бағытталды.

Жедел-профилактикалық іс-шара барысында қызметтік қаруды пайдаланатын 67 заңды тұлға тексеріліп, олардың қаруды сақтау және пайдалану практикасы мұқият зерделенді.


Тексеру нәтижесінде қызметтік қаруды айналымда дұрыс сақтамаған, есепке алуда және пайдалануда заңнамалық талаптарды бұзған 6 тұлға анықталды.
Бұл жағдайлар бойынша тиісті әкімшілік шаралар қолданылып, заң бұзушылықтардың алдын алу және болашақта қайталануын болдырмау бойынша ұсыныстар берілді.

Аталмыш іс-шараның өткізілуі қызметтік қаруды айналымда ұстанылатын заңнамалық талаптарды нығайтуға, қарудың қауіпсіздігін арттыруға және қоғамдағы құқықтық тәртіпті күшейтуге бағытталған маңызды қадам болып табылады. Сонымен қатар, ол мемлекеттік органдар мен жеке сектор арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, қару айналымын қатаң бақылауда ұстау тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1163757?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді