Конституциялық реформалар Қаздрамтеатр қабырғасында талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында Ақмола облысы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректорының кеңесшісі Сейтқасымов Аманбай Асылбайұлының төрағалығымен кездесу өтті.
 
Кездесу барысында конституциялық реформалардың ел мемлекеттілігін дамытудағы маңызы, сондай-ақ болашақ ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы рөлі сөз болды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы талқыланып, қатысушылар тарапынан өзекті пікірлер мен ұсыныстар айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1163758?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді