АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІН ТЫҢДАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
🇰🇿 Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады.
 
✅ Қабылдау барысында аудан тұрғыны еңбек жағдайына қатысты мәселе көтерді. Жалақысына қосымша ставка немесе үстемақы қарастыру арқылы еңбекақы мөлшерін арттыруды сұрады.
 
✅ Аудан әкімі өтінішті мұқият тыңдап, мәселе қолданыстағы заңнамаға, мекеменің штаттық кестесіне және қаржыландыру мүмкіндіктеріне сәйкес қаралатынын жеткізді. Тиісті бөлімдерге ұсынысты зерделеп, заң аясында шешу жолдарын қарастыру тапсырылды.
 
✅ Көтерілген мәселе бақылауға алынды. Нәтижесі бойынша азаматқа заң талаптарына сәйкес жауап берілетін болады.
 
📍 Аудан әкімдігі тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын әрдайым назарда ұстап, заң шеңберінде жүйелі жұмыс жүргізуді жалғастырады.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1163343?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді