
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Қазбек Ташимов Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық инспекцияның жаңа басшысын ресми түрде таныстырды.
Ербатыр Мадияров 1971 жылғы 1 қаңтарда дүниеге келген.
1995 жылы Ом мемлекеттік аграрлық университетін «Ветеринария» мамандығы бойынша бітірген.
2020 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде экономика және бизнесті бакалавр дәрежесін алған.
Еңбек жолын 1988 жылы бастаған.
1988 жыл — Ресей Федерациясы, Ом облысы, «Лесной» совхозының Каскат бөлімшесінің жұмысшысы.
1992–1999 жылдары — Ресей Федерациясы, Ом облысы, «Лесной» совхозының ветеринар дәрігері.
2001–2014 жылдары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Петропавл қаласы бойынша аумақтық басқармасында басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
2014 жыл — Солтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшы орынбасары.
2014–2015 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы ветеринария басқармасының басшы орынбасары.
2015–2018 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің коммуналдық мемлекеттік «Ветеринария басқармасы» мекемесінің басшысы.
2018–2020 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімі.
2021–2026 жылдары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринарлық зертхана» РМҚК Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры.
2026 жылғы 16 ақпаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтықаумақтық инспекциясының басшысы болып тағайындалды.
Тағайындау мемлекеттік ветеринарлық бақылау және қадағалау жүйесін одан әрі нығайтуға, аймақтық инспекцияның жұмыс тиімділігін арттыруға және өңірдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vetcontrol/press/news/details/1163791?lang=kk

Жауап қалдыру