ТЕГІСШІЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ МӘСЛИХАТ ЕСЕБІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТЕГІСШІЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ МӘСЛИХАТ ЕСЕБІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
 
Тегісшіл ауылдық округінде Сарыағаш ауданының әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлы және аудандық мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Ибрагимов Шермат Бегматұлы тұрғындармен кездесті.
 
Кездесу барысында аудан әкімдігі мен мәслихаттың бір жыл ішінде атқарған жұмыстары қорытындыланып, алдағы кезеңге жоспарланған әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары таныстырылды.
 
Тұрғындар тарапынан бірқатар өзекті мәселелер көтеріліп, ұсыныстар айтылды. Әрбір сауал бойынша жауапты мекемелер мен бөлімдерге нақты тапсырмалар берілді.
 
Сонымен қатар, азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылып, тұрғындардың өтініштері мен арыз-шағымдары қаралды. Мәселелерді шешу жолдары заң талаптарына сәйкес түсіндірілді.
 
Аталған кездесуге аудандық мәслихат депутаты Қ. Ағабеков қатысып, көтерілген мәселелердің орындалуы депутаттық бақылауда болатынын атап өтті.
 
Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/saryagash-maslihat/press/news/details/1163746?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді