УАҚЫТША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
УАҚЫТША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
 
Комиссия отырысын Ибрагимов Шермат Бегматұлы жүргізді.
 
Отырыстың негізгі мақсаты – Сарыағаш аудандық округтік және учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына сайлау үшін ұсынылған кандидатураларды жинақтау, қарау және зерделеу болды.
 
Күн тәртібінде:
– кандидаттардан келіп түскен ұсыныстарды қарау;
– құжаттардың толықтығын тексеру және өңдеу;
– тиісті материалдарды кезектен тыс сессия қарауына әзірлеу мәселелері талқыланды.
 
Қаралған мәселелер бойынша комиссия тиісті ұсынымдар қабылдап, құжаттарды мәслихаттың кезектен тыс сессиясына енгізу жөнінде шешім қабылдады.
 
 
Сарыағаш аудандық мәслихат аппарты

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/saryagash-maslihat/press/news/details/1163748?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді