
Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті көші-қон қызметінің қызметкерлері қарттар мен қозғалысы шектеулі азаматтарға қолжетімді әрі сапалы мемлекеттік қызмет көрсету бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.
Шыңғырлау ауданы полиция бөлімі көші-қон қызмет тобының қызметкерлері 1950 жылы туған аудан тұрғынына тұрғылықты мекенжайында мемлекеттік қызмет көрсетті. Азаматтың жеке куәлігінің қолданылу мерзімі өтуіне байланысты оны жаңарту қажет болған. Денсаулық жағдайына байланысты бөлімшеге өздігінен келу мүмкіндігі болмағандықтан, полиция қызметкерлері арнайы тұрғылықты мекенжайына барып, қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын жүргізді. Барлық рәсімдер заң талаптарына сәйкес орындалып, өтініш толық қанағаттандырылды. Тұрғылықты мекенжайға шығып қызмет көрсету – полиция жұмысының халыққа бағытталған нақты көрінісі. Бұл әсіресе қарттар мен денсаулығына байланысты қозғалысы шектеулі азаматтар үшін мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Аудан тұрғыны көрсетілген қамқорлық пен жедел көмек үшін полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді. БҚО полиция департаменті алдағы уақытта да азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, халыққа сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсету бағытындағы жұмыстарды жалғастыра береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zko/press/news/details/1164728?lang=kk

Жауап қалдыру