
Қазақстандық лоукостер FlyArystan 2026 жылғы жазғы маусымдық кесте аясында Батуми – Астана – Батуми жаңа бағытының ашылғанын хабарлайды.
Рейстер 2026 жылғы 2 маусым мен 29 тамыз аралығында аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Батуми қаласынан ұшу сейсенбі күндері сағат 10:00-де, сенбі күндері сағат 11:00-де жүзеге асырылады. Астана қаласынан кері рейстер сейсенбі күндері сағат 05:45-те және сенбі күндері сағат 06:50-де орындалады.
Бір бағытқа әуе билетінің құны 68 000 теңгеден басталады.
Астана – бірегей сәулетімен, қарқынды дамуымен және мәдени нысандарымен танымал Қазақстанның заманауи астанасы. Қала халықаралық деңгейдегі іскерлік инфрақұрылымды туристік нысандармен, музейлермен, ұлттық асханамен және заманауи қоғамдық кеңістіктермен үйлестіре отырып, оны іскерлік те, туристік сапарлар үшін де тартымды бағытқа айналдырады.
Грузия азаматтары үшін Қазақстанға 90 күнге дейін визасыз режим қолданылады.
Әуебилеттерін FlyArystan мобильді қосымшасы арқылы, www.flyarystan.com ресми сайтында, сондай-ақ басқа да қолжетімді сату арналары арқылы брондауға болады. Ең тиімді тарифтерді алу үшін әуе компаниясы сапарды алдын ала жоспарлап, қосымша қызметтерді билетті брондау кезеңінде рәсімдеуді ұсынады.
FlyArystan туралы:
FlyArystan — Air Astana тобының 100% еншілес компаниясы болып табылатын қазақстандық лоукостер. Ол өз қызметін 2019 жылдың мамыр айында бастады. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап FlyArystan өз сертификатымен, FS коды бойынша тәуелсіз әуе компания ретінде қызмет көрсетуде. Әуекомпания Алматы, Астана және Ақтау қалаларында орналасқан базаларындағы заманауи A320 ұшақтарынан құралған әуе паркімен кең ауқымды маршруттар желісі бойынша рейстер орындайды. FlyArystan маршруттар желісі ішкі және халықаралық рейстерді, сондай-ақ чартерлік бағыттарды қамтиды. FlyArystan 2023, 2024 және 2025 жылдары Skytrax World Airline Awards тарапынан Орталық Азия және ТМД-ның ең үздік бюджеттік әуе компаниясы деп танылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1164727?lang=kk

Жауап қалдыру