🔰 ТҮЛКІБАС: «МАЙЛЫКЕНТ-СҮТ» АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВІ-НЕ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹 Үстіміздегі жылдың 18 ақпан күні күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Смадияр Алдияр Шаниярұлы Түлкібас ауданындағы іс-сапары барысында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментімен 2026 жылғы І-жартыжылдығына арналған бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы ҚР Еңбек заңнамасының және өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, бақылауға жататын міндеттеме талаптарының сақталуына профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық жоспарына сәйкес Түлкібас ауданына қарасты «Майлыкент-Сүт” ауылшаруашылық өндірістік кооперативіне профилактикалық бақылау жүргізді.
 
🔹 Тексеру барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Алдияр Шаниярұлы «Майлыкент-Сүт” ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырып, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарының заңдылықтарына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
 
🔹 Сонымен қатар, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарының заңдылықтарына және жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттарының маңыздылығына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1165134?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді