
🔹 ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының делегациясына Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның Конституция жобасы бойынша жұмысы таныстырылды.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) Сайлау департаменті директорының орынбасары Улви Ахундлу бастаған миссиясымен кездесті.
Кездесу барысында ДИАҚБ өкілдері Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның Конституция жобасы бойынша жүргізген жұмысы, сондай-ақ азаматтардан келіп түскен ұсыныстар мен өтініштерді қарау тәртібі туралы хабардар етілді.
Комиссия мүшелері комиссия жұмысы ашық және айқын үдеріс негізінде жүргізілгенін, азаматтардан түскен ұсыныстардың жан-жақты талданғанын, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен БАҚ-тағы пікірталастардың ескерілгенін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-druzhba/press/news/details/1165255?lang=kk

Жауап қалдыру